Баян Есентаеваның жаңа жобасы жайлы 10 дерек

/uploads/thumbnail/20170708164526875_small.jpg

«Turkvision-2014» ән байқауында  Жанар Дұғаловамен бірге өнер көрсеткен күйші Нұржан Тәжікеновтің есімі халыққа байқаудан соң кеңінен таныла бастады. Байқауға дейін күйші бірнеше ірі шараларда, шет елдерде де  қазақтың қара домбырасымен өнер көрсеткен. Сонымен қатар, отандық музыкалық телеарналардан бейнебаяндарын да шығарып  үлгерген. Алайда сіз  жас талантты күйші жайлы не білесіз? Нұржан Тәжікенов кім? Біз осы орайда қасиетті домбырада ерекше ойнайтын дарын иесімен оқырмандарымызды жақынырақ таныстыруды жөн санадық.

Назарларыңызға Нұржан Тәжікенов жайлы 10 дерек ұсынамыз.

  1. 1989 жылы 16 қыркүйекте, жылан жылы дүниеге келген.yXiLjhfO_nc
  2. Батыс Қазақстан өңірі, Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Балалық шағын толықтай осы өңірде өткізген.qDJihlXZJro
  3.  Батыс Қазақстан өңірінде мектепті бітірген.  4-сыныптан 9-сыныпқа дейін бесжылдық №2 музыкалық мектепте білім алып, күй өнеріне деген қызығушылығы сол сәттен басталған. 9-сыныпты аяқтағаннан кейін Атырау облысындағы Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыкалық академиясы Атырау музыка колледжінде білімін жалғастырған. Колледжді аяқтағаннан кейін Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында оқыған.EFP-sfqgHTk
  4. Қарапайым отбасынан шыққан. Әпкесі және қарындасы бар.  Үйіндегі жалғыз ұл. Әкесі мұнай саласында жұмыс жасайды. Ал анасы — мұғалім.wiiz3So3OEA
  5. Күләш Ниматова, Клара Жолдасова, Карима Сахарбаева сынды профессорлардан  білім алған.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  «Парасат» орденінің иегері Қаршыға Ахмедияровтың көзін көрген ең соңғы шәкірті.LEQcEI8p9HI
  6. Ең алғаш бейнебаяны «Сағыныш» атты күйге түсірілген.  Осы уақытқа дейін түрлі күйшілердің 400-ге жуық күйін орындаған.

  1. Күйші ретінде Құрманғазы, Дина сияқты ұлы күйшілердің өнерінен үлгі алады. Ал қазіргі эстрадада «Ұлытау» тобы мен Асылбек Еңсеповты ерекше құрметтейді, өнерлерін бағалайдыpage
  2. Нұржан Тәжікеновты алғаш Бағым Мухитденова консерваторияда бірде өнер көрсетіп жатқанда байқаған. Кейіннен «Қазақ аруы» сұлулық байқауында қатысушы қыздарының бірімен өнер көретуге шақырған. Ал осы жылы Баян Мақсатқызы өзі хабарласып, «Turkvision» байқауына Жанар Дұғаловамен бірге өнер көсетуге ұсыныс білдірген.x0Eo7kouiHk
  3. Домбырадан бөлек фортепианода жақсы ойнайды. Сонымен қатар, үрмелі-соқпалы аспаптарда да ойнауды жетік меңгерген. Бірақ жанына қазақтың қасиетті қара домбырасы жақын. l38StZ65790
  4. Ешқашан продюсермен жұмыс жасап көрмеген. Алайда енді Баян Мақсатқызы ресми түрде  продюсері болды. Баян Мақсатқызы ең алғаш байқауда жүргенде Қазан қаласында ұсыныс білдірген. Елге келгеннен кейін Нұржан ойланып, келісімін берген. Енді Баян Мақсатқызының  жобаларының бірі.UVrsBBnzTuI

Baistars.kz

Қатысты Мақалалар