25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171227092050462_small.jpg

 Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек батыстың, солтүстіктің кей жерлерінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.

                Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 18-23, екпіні 30 м/с аса күшеюі  күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде кей жерлерде желдің күші 15-20,  Мугоджар ауданында 25, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Жамбыл облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының кей жерлеріндежел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысында көктайғақ, Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

       Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте қатты аяз күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар