Калифорния штатындағы үйдің төбесіне тікұшақ құлады

/uploads/thumbnail/20170808134035187_small.jpg

Сейсенбіде АҚШ-тың Калифорния штаты Ньюпорт-Бич қаласындағы үйдің төбесіне тікұшақ құлады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйеніп.

Жергілікті өрт сөндіру қызметі өкілдерінің хабарлауынша, апат шамамен жергілікті әуежайдан 1,5 шақырым қашықтықта орын алған. «Robinson-44» тікұшағының бортында тек ұшқыш пен жолаушы болыпты. Олар туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Сонымен бірге апат салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар туралы да ешқандай мәлімет таратылмаған.

Қатысты Мақалалар