Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласы 1-ші ақпан күні олимпиадашыларға «Олимпиадаға қош келдіңіздер!» атты ресми шара өткізеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы аталған елдің Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті мәлімдеді. «Олимпиада қалашығына қош келдіңіздер! атты арнайы іс шара 1 ақпан, яғни бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де басталады», - деп жазады Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті.
Ал қазақстандық спортшылардың алғашқы легі 1 ақпанда Пхенчханға барып орналаса бастайды. Ал соңы 7-ші ақпанға дейін жетіп болуы керек.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар спорттың тоғыз түрінен сынға түсетін болады. Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді.
Пікір қалдыру