Испанияда лаңкестермен байланысы бар адам қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20180131132456510_small.jpg

Испанияда лаңкестермен байланысы бар адам қамауға алынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Күдікті Каталония автономдық қоғамдастығының Терраса қаласында қолға түскен.

Бұл туралы Испанияның ішкі істер министрі Twitter парақшасында жариялады. Оның айтуынша, күдіктінің жасы 45-те және ол – Марокко елінің азаматы.

Айта кетейік, өткен жылы испандық құқық қорғаушылар лаңкестікке қарсы 52 операция өткізген еді. Шара барысында 75 адам тұтқындалды.

Қатысты Мақалалар