Атыраудан Германияға ұшатын жаңа әуе рейсі ашылады

/uploads/thumbnail/20180206115100181_small.jpg

Қазақстанның аймақтарынан жаңа халықаралық әуе рейстері ашылуда. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасына жарияланды, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың 26 наурызынан бастап Атырау-Франкфурт бағыты бойынша жаңа тұрақты әуе рейсі ашылады.

«Рейстер Аэробус-321 әуе кемесімен дүйсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Яғни, аптасына екі рет қатынайды. Енді еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары мен қонақтары үшін Еуропаға сапарлап бару бұрынғыдан да қолайлы бола түседі», — делінген хабарламада.

Қатысты Мақалалар