Қытайдағы қандастарымыз жиі пайдаланатын Wechat әлеуметтік желісінде «Шыңжаң» телевизиясы туралы үндеу хат таралып жүр. Онда Шыңжаң қазақтарының үндінің немесе басқа шетелдердің телесериялдарын көргісі келмейтінін, олардың адам психологиясына кері әсер ететіні жазылған. Есесіне Қазақстанда жасалған «Қара шаңырақ», «Бажалар» сияқты «тәрбиелік мәні зор, рухани мәдениеті бай, әсерлі киноларды» көрсетсе деген ұсыныс айтылыпты.
Иә, бұл күнде Қазақ елі Қытайдың ең сенімді стратегиялық әріптесі ретінде аталады. Сондай-ақ, әлемдегі бар қазақтың ортақ Отаны деген ұлы міндеті бар. Сондықтан Шыңжаңдағы қандастарымыздың тілегіне біздің ел ықпал ете алады деп сенеміз.