Бір арнада бас редактор кезім. Әдеттегідей бірінші басшы кабинетіне шақырды. «Қанат осы аптада пәленбай бағдарламаға кімдерді шақырасыңдар? Қандай мәселе көтересіңдер?»- дейді. - Латын әліпбиі, я болмаса Қазақстанның ОБСЕ-ге жетекшілік етуі қаншалықты қажеттілігі жөнінде бағдарлама түсіреміз. - Дааа,- деп сәл ойланып барып, - менің бір туысқаным аллергиядан құтыла алмай жүр. Бармаған жері, емделмеген емханасы жоқ. Ем таба алмады. Қазір осы аллергияға душар болғандар көп. Аллергия туралы жасасаңдар қайтеді, - деді. - Жақсы, көрейік, - дедім де ұсынған тақырыбы жөнінде басқа сөз қозғағам жоқ. Сәлден соң барып: «Әлгі, ана бағдарламаға жүргізуші таптыңдар ма?»-деді. Іздеп жатқанымызды, мүмкін кастинг өткізіп қалатынымызды жеткіздім. - Қанат, сен былай істе, орталықтағы сауда орталықтарына барып бақыласаң, қазақ пен негрден туған түр-тұрпаты ерекше жастар жүреді. Сондайларды тауып алып келіп эфирге отырғызу керек. Көрерменге өзгеше жүргізушілер керек. Жақсы дегендей ишара білдірдім. Ол бастығыммен бірге көп жұмыс жасай алмадым. Ол кісінің лауазымы көтеріліп кетті.
Қанат Тілеухан(Facebook парақшасынан)