Қайрат Нұртас Жанар Доғаловамен бірге бейнебаян түсіреді. Бұл туралы "Алаш айнасы" Доғалованың продюсері Баян Есентаеваға сілтеме жасап хабарлайды.
Продюсердің айтуынша, бейнебаян "Сен мені түсінбедің" әніне түсірілмекші. "Бейнебаян Алматыда ертеңнен бастап түсіріледі. Бұл идея Қайрат Нұрастың да, біздің де көңілімізден шықты. Сондықтан осындай туынды жасап шығуға бел будық", - деді Есентаева.
Оның айтуынша, әннің бейнебаяны ақпан айының соңына қарай шығып, отандық телеарналардан берілетін болады. Айта кетейік, екі әнші бұл әнді Қайрат Нұртастың 3D концертінде орындаған еді.
Ал осыған дейін БАҚ-тарда Жанар Доғалованың Қазақстанның тағы бір әншісі Айқын Төлепбергенмен дуэт орындайтыны туралы хабарланған болатын. Ол кезде де Баян Есентаева мұның жақсы идея екенін айтқан еді.
Еске сала кетейік, Жанар Доғалова өткен жылдың қараша айында Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанған болатын. Жанар Доғалова "Ізін көрем" әнімен өнер көрсетіп, 225 балл ұпай жинады. Дереккөз: "Алаш айнасы"