Pink Floyd соңғы бейнебаянын Қазақстанда түсірді(видео)

/uploads/thumbnail/20170708164732604_small.jpg

Өткен жылдың үлкен музыкалық жаңалығы деп, британдық Pink Floyd рок-группасының 20 жылдан кейін шығарған «The Endless River» альбомын айтуға болады. Инструменталды альбомның соңғы трегі «Louder Than Words» әні Қазақстанда, Арал теңізі маңында түсірілді. Режиссер Обри Пауэллдің айтуынша, ол әлем назарын өзен ағысы әсерінен құрғап қалған табиғи апатқа аударғысы келген. Ол сондай-ақ, бейнебаянның түсіріліміне жергілікті тұрғындардың жақсы ат салысқанын атап өтті.

Егер де қарамаған болсаңыз, назарларыңызға ұсынамыз. Себебі, Louder Than Words, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Айта кету керек, өзінің философиялық мәтіндермен танылған Pink Floyd альбомдардың сатылымы бойынша АҚШ-та 7-ші орында тұр.

P.S Тұзда жүзген қайықтың бейнесі жүрегімді миллиондаған бөліктерге бөлгендей... Сіздікі ше?

https://www.youtube.com/watch?v=Ezc4HdLGxg4

Қатысты Мақалалар