Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы Халиуллина көшесінде орын алған. Соққыдан жасөспірім 20 метрге дейін ұшып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Қуанышқа орай, жас жігіт қатты зардап шекпеді. Ол қалалық ауруханалардың біріне түрлі жарақаттармен жеткізілді.