ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Татарстан Республикасының Премьер-Министрі Рустам Минихановпен кездесті. Бұл туралы ресейлік "Бизнес-онлайн" басылымы жазды.
Кездесуде екі ел премьерлері көктемде өтетін Татарстан мен Қазақстанның бірлескен мұнай-химия форумы жайында сөз қозғады.
Бізге қызықты болып отырғаны бұл жаңалық емес, ҚР Премьерінің татар ағайындармен таза татар тілінде сөйлесіп, өз баяндамасын татар тілінде жасағаны болып отыр.
Елдегі ресми жиындардың бәрінде "Құрметті қазақстандықтар" деген екі ауыз сөзден басқа қазақша сөз айтпайтын үкіметбасының Татарстанға барып сол елдің тілінде емін-еркін сөйлеп кеткені бізді қатты таң қалдырды.
https://www.youtube.com/watch?v=CeKboH6JUOc М.Жошы