Жуырда 365info.kz сайтындағы "Абылай хан портретін татуға айналдырып жіберді" деген мақаласында тілші Дмитрий Дроздов білегіне ине арқылы Абылай ханның суретін салдырған адам жайлы жазыпты.
"Алматылық тату шебері Бесарион Папия ерекше тапсырысты орындады, ол өз қызметін тұтынушы білегіне Абылай ханның бейнесін салып берді" делінеді бұл мақалада.
Шебер бұл тапсырысшының тегіне байланысты жасаған татуы екенін, сондықтан оған түсіністікпен қарағанын, оның пәлсапалық мағынаға ие екенін, әсіресе ұлы ханның бейнесін оның ұрпағының қолына түсіру жауапты іс болғанын айтыпты.
Сондай-ақ ол тілшімен сұхбатында қазіргі жастардың татуға өте жауапты қарайтынын, көбіне денеге салдыртқан суреттер тұлғаның ішкі жан-дүниесін, рухани деңгейін танытатынын жеткізіпті.
Ал хан суретін денесін салдыртқан адам өзінің аты-жөнін атамауды сұраған. Nur.kz