Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысы өтті

/uploads/thumbnail/20180216145126768_small.jpg

 2018 жылдың 12-13 ақпанында Душанбе қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің өкілі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысына қатысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. .

Отырысқа екі мемлекеттің тиісті министрліктер мен ведомстволарының, ұлттық компанияларының өкілдері, сондай-ақ екі елдің тиісті ұйымдарынан шақырылған өкілдеріде қатысты.

Сараптамалық және пленарлық отырыс барысында тараптар өзара сауда-саттықтың көлемі мен ағымдағы жағдайын, сондай-ақ энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, дін, көші-қон және ауыл шаруашылық саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының өзара әрекеттестік бағыттары мен қол жеткізілген келісімдер көрсетілген Хаттамаға қол қойылды.

Қатысты Мақалалар