Робот-шаңсорғыш әйелдің шашын «жұтып» қоя жаздады

/uploads/thumbnail/20170708164901622_small.jpg

Оңтүстік Кореяда робот-шаңсорғыш өзінің 52 жастағы иесінің шашын «сорып» ала жаздаған. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазады. Kyunghyang Shinmun есімді әйел еденде демалып жатқан, сол кезде робот-шаңсорғыш келіп, күтпеген жерден онын шашын сора бастайды.

Үйінде жалғыз болған, жүрегі ұшқан әйел басын құрылғыдан ажырата алмай әуре-сарсаңға түседі, сөйтіп құтқару қызметін шақырған. Оқиға орнына жеткен топ әйелді әрең дегенде шаңсорғыштан ажыратып алған. Енді болмағанда, шаңсорғыш оның ажалына себепкер болар еді.

"ИаҚазинформ"

Қатысты Мақалалар