Алматылық тұрғын көпшіліктің көзінше лоторея аппаратын тонады (видео)

/uploads/thumbnail/20170708165012724_small.jpg

Алматыда белгісіз азамат лотерея аппаратын жұрттың көзінше бұзып ашып, ішіндегі ақшасын ұрлап кетті деп хабарлайды "NewTimes.kz".

Михаил Кленчин есімді азамат өзінің Фэйсбук парақшасында Алматының орталығындағы сауда орындарының бірінде орын алған жайттың бейнежазбасын жариялады.

Онда жас жігіт темір құралмен лотерея аппаратының аузын бұзып ашып, ішіндегі ақшаны түгел ұрлап алып кеткені анық көрініп тұр.

Бұл жайт сауда орталығына келушілердің көзінше орын алған. Күдікті жігіт те бұл әрекетке еш саспастан барғаны көпшілікті таң қалдырды. BAQ.kz

Қатысты Мақалалар