Қазақтың махаббатына Валантин деген біреудің қатысы қанша? (сауалнама)

/uploads/thumbnail/20170708165023006_small.jpg

Қазақстанда күнтізбеге енгізілмеген, бейресми мерекелердің ішінде "Ғашықтар күні", "Әулие Валентин күні" деген күн жалпы қалықтық деңгейде аталып өтуі дағдыға айналып бара жатқаны рас. Бұл мерекеге алдын ала дайындалушылардың басым бөлігі жастар қауымы.

Биыл аталмыш бейресми мерекеге "Астана Опера" театры "Бәрі махаббат жайлы" атты мерекелік концерт ұйымдастырып, Ғашықтар күні қарсаңында көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлап, бірге күлдіріп, бірге махабатқа мас қылады мыс. Бұл туралы "ҚазАқпарат" пен "24.kz" бірінші болып сүйінші сұрасты.

Махаббат-шығармашылықтағы адамдар-ақындар, сазгерлер, суретшілер т.б. мәңгілік тақырып екені анық. Алайда "Әулие Валентин" күні қарсаңында сол үлкен сезім, қуаныш пен шаттық, кәусәр суындай мөлдір сезімдер алдамшы мерекенің тасасында тұншығатындай көрінеді. Биыл жастардың арасында белсенді тойланатын "Ғашықтар күніне" дайындық  ақпанның басынан басталып кетті. Дүкен сөрелерінде ашық хаттардың (валентинкалар) түр-түрі самсап тұр. Олардың бағалары 150-5000 теңге аралығында. Ал гүл дүкендеріндегі сауда дәл осы күні қыза түсетіні тағы бар. Бұл күні әдеттегі баға аспанға шарықтап, махаббатқа мас болып жүрген ғашықтардың қалтасының түбі көрінетін күн.

Көптеген деректерде "Әулие Валентин күнін" Батыс Еуропада ықылым заманнан (ХІІІ) бері тойланып келсе. АҚШ 1777 жылдан бері қарай мерекелеуді дағдыға айналдырған.

Оның Қазақстанға келген кезі — тоқсаныншы жылдардың басы. Христиан діндарларының аңыздарында үш Валентин туралы айтылады. Біріншісі — Рим императоры Юлий Клавдийдің сарбаздардың үйленуіне тыйым салған заңын бұзып, некелескені үшін өлім жазасына бұйырылған адам. Ал осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен «Әулие Валентин» күні мерекеленген. Екінші бір діни аңызда Валентиннің дін қызметкері екендігі, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, осында жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, оның жазаға тартылып, басының шабылғандығы айтылады. Ал енді үшінші Валентин ешкімге ғашық болмаған. Христиан дінінің қызметкері болған оның не үшін жазаланғаны белгісіз. Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін «Әулие» деп жарияланған.

Untitled

Біз әлеуметтік желілерде "Әулие Валентин күнін тойлайсыз ба?" деген сауалнама жүргізген болатынбыз. Нәтежиесінде сауалнамаға қатысушылардың 85, 5 пайызы бұл күнді атап өтуге қарсы екендіктерін білдірген. Ал 14,5 пайыз дауыс берушілер тек ғашықтарын құттықтап, меркелік көңіл сыйлау үшін тойлайтындықтарын білдірген.

Десе де бөгде діннен қазақ санасына орыстандыру кезеңінде әбден сіңіп қалған бұл бейресми мерекенің қазаққа жат екені айқын. Бұл ислам дініне де, шариғатқа да қияс келеді. Айтпақшы біз әулие деп әспеттеп жүрген Валентиннің тасасында өзіміздің 15 сәуір "Қозы-Көрпеш пен Баян сұлудың" күні қалып қоюда. Бұл туралы әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде жиі көтерілгенімен 15 сәуірге деген немқұрайлылық басым, еш елеусіз қалып қоятыны рас-ақ.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

“Қамшы” сілтейді

Қатысты Мақалалар