Алматыда Райымбек даңғылы мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында құбыр жарылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Ыстық су құбырының жарылуы салдарынан жол жабыған. Оқиға бүгін түс мезгілінде Райымбек даңғылы мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы "Қағанат" асханасының алдында орын алған. Апат салдарынан бір азаматтың денесі күйіп, сол аудандағы тұрғын үйлер мен кеңсе ғимараттары ыстық су және жылусыз қалды.
https://www.youtube.com/watch?v=pXRKZKxoAAk