WhatsApp SIM-карталар шығара бастады.
WhatsApp секілді танымал хабарламаларды жылдам алмасу қызметтері достарымыз және жақындарымызбен қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бұл қызметтер арқылы әлемнің кез-келген елінде, ешқандай роумингке шығынданбай хабарласуға болады.
Бірақ, дәл сіз жүрген аумақта Интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса не істеуге болады? Бұл проблеманы шешу үшін италяндық компания 150 мемлекеттің 400-ден астам мобилдік желілерін байланыстыратын WhatSim атты SIM-картаны шығарды. Карт үш нұсқа бойынша шығарылады: стандартты, nano-SIM және micro-SIM. Ал WhatSim картасының базалық нұсқасының бағасы жылына 10 еуро болады.
businessnews.kz