12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді кезең-кезеңімен жалғастыру керек. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамды отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
"Отандық мектептердегі білім беру саласында "Балапан" бағдарламасын жүзеге асыруды, орта білім беретін мектептерде 12 жылдық жүйеге көшуді кезең-кезеңмен жүзеге асыруды жалғастыру қажет" деді Елбасы Н. Назарбаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы мемлекеттік балабақшаларды жекешелендірмеу керектігін атап өтті.
АҚШ президентінің "мектепке дейінгі білім беру мемлекеттің басты басымдығы" деген сөзін мысалға ала отырып, біздің де осы жолдан таймауымыз керек деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы өз сөзінде жеке меншік балабақшаларды салу ісінде жан-жақты қолдаулар көрсетілу керек екенін де назардан тыс қалдырмады.