Мемлекет басшысы Баку қаласындағы өрт салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарға байланысты Әзірбайжан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бауырлас Әзірбайжан халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.