17 ақпанда сағат 11-де Ербол Əбдіғали Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйден шығып кетіп қайта оралмаған. Жас жігіт ағасына демалыс уақытында келіп кеткен. Бұл туралы timeskz.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ағасының айтуынша, Ерболдың анасы бірнеше жыл бұрын көз жұмған, ал әкесі шаруа қожалығында жұмыс істейді екен. Ербол өзі оқитын Ойыл аграрлық колледжінің жатақханасында тұрып жатқан. Ақтөбеге ағасымен бірге жұмыс істеп ақша табу үшін келген. Жасөспірімнің туыстары оның қайда кеткенін білмейді.
Оның ағасы Ерболмен хабарласа алмай қалған. Себебі жігіт телефонын сатып жіберген екен.