Кеше Минскідегі келіссөзден шығып келе жатқан Украина лидері Петр Порошенконың оққағары бастығын ресейлік журналисттің тосын сұрағынан арашалап қалды. Кадрда байқағаныңыздай Порошенконың оққағары сұрақ қоймақ болған "Россия 24" телеканалы журналистнң тұншықтырып, сұрақ қойдырмады. Аталмыш видео украиналық "17" телеканалы арқылы желілерге тарап та үлгерген.
Кеше Белорусь астанасы Минскідегі Тәуелсіздік сарайынан шығып келе жатқан "Нормад төрттігіне", ішінде Украина президентіне сұрақ қоймақшы болған "Россия 24" арнасының журналисті сөзін толық аяқтап үлгермей Порошенконың оққағарының құшағына ене кетті.
-келіссөздердің қорытындысын қалай бағалайсыз-деген журналистті әп сәтте президент оққағары құшақтап, тұншықтырып ұстап тұрды. Президенттер есіктен шығып кеткенше оққағардың қойнында болған журналистке оққағар "тыныш-тыныш" деді. (Тише-тише). "Сіз не істеп тұрсыз?" деген журналистке оққағар бұрылып та қарамады.