АҚШ астанасы Вашингтонда тұратын мұсылмандар Ақ үйдің алдында жұма намазын оқыды деп хабарлайды
Qamshy.kzпорталы. Вашингтон мұсылмандары ислам дінін қабылдаған үш жасөспірімнің өлімінен соң ел Президентінің резиденциясының алдында бір мезетте 200-ден астам мұсылман жұма намазына жығылып, дұға жасады. АҚШ-тың Чапел Хилл қаласының тұрғыны, өзін "атейст" ретінде таныстырған Крейг Стефан Хикс 23 жастағы студент (болашақ тіс дәрігері) Дае Баракатты, әйелі 21 жастағы Юсор Мұхаммед Әбу Салханы және 19 жасар балдызы Разан Мұхаммедті өз үйінде аңшы мылтығымен аяусыздықпен өлтірген болатын. Ислам дінін ұстанғаны үшін нақақ жаланың құрбаны болған бауырларын еске алуға Ақ үйдің алдына жиналған 200 ден астам мұсылман бауырлар ауа-райының суықтығына қарамастан жұма намазына жығылып, Алладан дұға жасады. Олардың бұл жерге жиналуының тағы бір себебі, АҚШ-та соңғы кездері исламафобия күшейіп, мұсылман емес, түрлі топтар тарапынан қысым келе бастаған. Нәтежиесі кісі өліміне дейін апарған. Оған дәлел өз үйінде аяусыздықпен атылған үш бірдей мұсылман отбасы. Осы мәселелерді Ақ үйдің алдына жиналғандар халық алдында талқыға салып, биліктен теңдік сұрады. Ресми баяндамалар оқылып болған соң, Ақ үйдің алдында азан шақырылып, жамағат бірдей жұма намазына тұрды. Аталмыш шараны ұйымдастырушы Махрох Жахангери: - осылайша біз халықты исламафобиядан құтқаруымыз керек. Шын мәніндегі Ислам дінінің көркемдігін, тазалығын, экстримист емес екендігін жеткізгіміз келді,-дейді. -Біз АҚШ Президенті Барак Обамадан қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтып, көмек беруін талап етеміз. АҚШ-та исламға деген наразылық пен өшпенділік туындамауы үшін Президенттің өзі халық алдына шығып, мәселені түсіндіруін қалаймыз дейді жиналғандар.