Президент әйелдерге қалай ұнауға болатынын айтты

/uploads/thumbnail/20180307230539146_small.jpg

Елбасы нәзік жандылармен кездесу барысында әйел адамдардың жүрегін қалай жаулау керегін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әйелдерге қалай ұнау керек? Егер ол әдемі болса, онда оған ақылдысың деу керек. Егер аса қатты әдемі болмай тұрса, «сен әдемісің» деп айту қажет. Ал егер екеуі де болмаса, «арықтап кетіпсің» деп айтқан дұрыс. Дұрыс па?», - дейді Елбасы.

Елбасы

Сонымен қатар ҚР Президенті жиналған әйелдер қауымына ілтипат білдіріп, олардың мәртебесін көтеріп тастады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Елбасы Ақордада әйелдер қауымымен кездесіп, оларды 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.

Елбасымен кездесуге елімізге еңбегі сіңген 18 әйел адам шақырылған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар