ОҚО-дағы зорланды деген 7 жастағы баланың анасы табылды (видео)

/uploads/thumbnail/20180317104824187_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды делінген 7 жасар баланың анасы табылып, Астанаға келді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бірақ келіншекке құқық қорғаушылар өз ұлын біраз уақыт көрсетпей қойған. Бұл туралы оның адвокаты Бауыржан Азанов әлеуметтік желі арқылы жолдаған видеоүндеуінде айтты.

«Баланың анасы дәл қазір менің жанымда. Ол анасы мен әпкесіне берген сенімxаттың күшін жойды. Сонда да бізді балаға жолатпай отыр. Анасы құқық қорғау органдарынан түсініксіз жағдайға жауап беруін сұрады. Бізге баланы бермей отырғандардың нақты кім екені белгісіз.Оларға бір емес бірнеше сұрақ қойдық, алайда жауап ала алмай отырмыз. Біз полицейлер мен прокурорларды шақырдық», — деді заңгер Азанов.

Араға біраз уақыт салып ана мен бала ақыры қауышты. Осы істің басы-қасында жүрген Аружан Сайын өзінің Facebook парақшасында жазғандай, іске Бас прокуратураның өкілдері араласқаннан кейін ғана әйелге өз ұлын қайтарып берген.

Қатысты Мақалалар