ШҚО-да дабылды ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20180318103201313_small.jpg

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан  облысында ауа температурасы жоғарылап,  жауын-шашын түсуіне байланысты дабылды ескерту жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   

«18-19 наурыз аралығында  Шығыс Қазақстан  облысының аласа таулы аймағында ауа температурасы жоғарылап,  жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты жергілікті және беткейлік ағын пайда болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін», — деп жазылған ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.  

Ал бүгін синоптиктердің болжауынша атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде  ауа-райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жауын жауады. Тек республиканың оңтүстігінде күн ашық. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақболады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.   

Қатысты Мақалалар