Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресейдегі Президент сайлауында дауыс берді. Бұл жайында Риа Новости жазады.
Путин Ресейдің Ғылым академиясындағы №2151 дауыс беру учаскісіне келді.
Дауыс беріп болған соң Путин журналистерге қанша пайыз дауыс жинаса да, өзін президент қызметін атқаруға лайықты адам санайтынын айтты.