Ресей билік басындағылар соңғы уақыттары Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тарихи территориясына қатысты қиынсыз деректерді жиі айтуда. Мысалы, жуырда Ресей думасының Жирен сарысы (Жириновский) Қазақстанның солтүстік аймақтары Ресейдің жері, Орта Азия елдері Ұлы Ресей Федерациясының федералды огругтері болуы тиіс деген еді. Артынша, орыс президенті В.Путин " Қазақстанда бұрын-соңды мемлекет болмаған" деп, журналисттермен кездесу барысында айтқан болатын. "Өзіңді өзің мықты тұт, көршіңді ұры тұтпа" деген қазақтың мақалында айтылғандай, біз тағы көршілердің көлденең сөздеріне ләм-мим деген жоқпыз. Енді міне, Омбы облысы басшылары Солтүстік Қазақстан мен территортиялық айырбас мәселесін көтеріп отыр. Бұл туралы "КазТаг" хабарлады. Омбы облысы губернаторы Виктор Назаров пен СҚО әкімі Ерік Сұлтанов шекара аймағында орналасқан "Русская поляна" ауылдық округіне байланысты екіжақты территориялық айырбас жасауға ниетті. СҚО әкімі Ерік Сұлтановтың Омбыға ресми сапары барысында Омбы губернаторы: "Біздің Руская поляна деген ауылымыз бар. Ауыл тұрғындары губерния орталығына қатынауы үшін Қазақстанның шекарасын басып өтеді. Бұл тұрғындар үшін қолайсыздық тудырып отырған мәселе. Бүгінде осы шекаралық аймақтарда демакрация жүргізілуде. Егер осы жерді Омбы губериясына берсеңіздер, біз дәл сол көлемдегі жерді, табиғаты, климаттық жағдайы сәйкес келетін аумақты Қазақстанның территориясына тапсырамыз. Біз екі жаққа да тиімді ұсынысты бастама етіп отырмыз,"-деп мәлімдеді.