Ұялы телефон арқылы сөйлесу қашан басталды?

/uploads/thumbnail/20170708165444524_small.jpg

Қазіргі күнде ұялы телефон пайдаланбайтын адам кемде-кем. Ал сол сымтетіксіз байланыстың қашан өмірге келгенін білесіз бе? Ұялы телефон арқылы алғашқы байланыс 1973 жылы 3 сәуірде басталған екен. Оны Motorola компаниясының қызметкері, ұялы телефонды ойлап тапқан Мартин Купер өмірге әкелген. Ол алғашқы қоңырауды өзінің бәсекелесі Джоэль Энгельге шалған. Оның жұмыс телефонына хабарласқан Мартин: «Менің қайдан телефон соғып тұрғанымды білесің бе? Мен өзімнің жасап шығарған ұялы телефонымнан хабарласып тұрмын» деген екен.  Кейіннен бір сұхбатта Мартин Купер: «Сол кезде Джоэльдің не деп жауап бергені есімде жоқ. Тек тісінің сықырлағаны есімде қалыпты»,- деген екен. Алғашқы телефонның салмағы 1,15 келі болған. Ал оның бағасы 4000 АҚШ долларына дейін жеткен. khabar.kz

Қатысты Мақалалар