Алматы облысында полковник өзіне өзі қол жұмсады

/uploads/thumbnail/20170708165447985_small.jpg

Алматы облысы Боралдай кентінде орналасқан 55065 әскери бөлімінің бұрынғы командирі, әскери полковник Мырзабеков Абай Данабекұлы өзіне өзі қол жұмсаған деп хабарлайды  Qamshy.kz  порталы . Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі жазды.

Соңғы жылдары Қазақстанда жоғарғы шенді әскерилердің  арасында өзіне өзі қол жұмсау фактілері жиілеп кетті.  Бәрінде бір сценарий. Өлер алдында хат жазып қалдыру. Мысалы, күні кеше ғана ҚР Қорғаныс министрлігі алдында өзін өзі жарып жіберген әскеридің ісі толық қаралып, қорытындысы шығып үлгермей жатып, бүгін Алматы облысынан қаралы хабар келді.

Алматы облысы, Боралдай кентінде орналасқан 55065 әскери бөлімінің бұрынғы командирі, әскери полковник Мырзабеков Абай Данабекұлы өзіне өзі қол жұмсаған.

Қазір оқиға орнында ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Қаза тапқан полковник Мырзабеков өлер алдында хат жазып қалдырған. Әзірге хат мазмұны тергеу жұмысының мүддесіне сәйкес жарияланбайды. Полковниктің өзіне өзі қол жұмсау себептері  тергеу аяқталған соң жарияланатын болады.

Қатысты Мақалалар