Джеб Буш: Обама тиянақсыз әрі ынжық басшы

/uploads/thumbnail/20170708165634913_small.jpg

Флориданың бұрынғы губернаторы Джеб Буш АҚШ президенті Барак Обаманы тиянақсыз әрі ынжық басшы екенін айтып, елдің сыртқы саясаттағы жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай, халықаралық беделін түсіргенін айтты.

"Обама сайлауға түсерде халықтың әл-ауқатын түзетемін, елдің сыртқы саясатын жолға қоямын, халықаралық беделін арттырамын деген сынды бірталай уәде берген болатын. Бұл міндеттерді атқаруды былай қойғанда, ол ахуалды тіптен нашарлатып жіберді. "Мүйіз сұраймын деп, құлақтан айырылды" -ның керін келтіріп отырған жоқ па. Қазір еліміздің өзге мемлекеттер алдындағы беделінің қай деңгейде екенін айтудың өзі артық", - дейді Буш.

Буштың айтуынша, АҚШ әлемдегі көшбасшы орнына қайта жайғасуы тиіс.

"Менің қазіргі кезде – қайтсем, Американы бұрынғы қалпына келтіремін, қайтсем, азаматтарымыздың бейбіт әрі мамыражай тіршілік етуіне жағдай туғызамын деген ой толғандырады", - дейді экс-губернатор.

Айта кету керек, Джеб Буш – АҚШ-тың 43-президенті кіші Джордж Буштың ағасы. Ол 2014 жылдың желтоқсанында 2016 жылғы президент сайлауына түсетінін мәлім еткен болатын. Bnews.kz

Қатысты Мақалалар