Есімов Қазақстан тәуелсіздігінен бейхабар ма?

/uploads/thumbnail/20170708165658358_small.jpg

Бүгін алматы тұрғындарының алдында есеп берген әкім Ахметжан Есімов қаланың үстіміздегі жылдағы жалпы бюджеті туралы баяндама жасады. Әкімнің есебін тыңдауға келген жұрттың қарасы мол болғаны сонша, тіпті залда ине шаншар орын болмады. Сәлемдесуін қазақ тілінде бастаған Есімов ары қарай баяндамасын орыс тілінде жалғады.

Есіміовтың айтуынша былтырғы жылы Алматы қаласының бюджеті 352,3 млрд. теңгеге жетіпті. Ауқымы жағынан ірі мегаполис саналатын Алматы қаласында былтырғы жылмен салыстырғанда қарыз алушылардың қарасы артып, 39,6 пайызға өскен. Бұл теңгеге шаққанда 6 290, 3 мрлд. теңге. Ал алматылық салық төлеушілер үстіміздегі жылы мемлекет қазынасына 1 трлн. 429,1 млрд. теңге салық аударса, оның 307,8 мрлд. теңгесі қалалық бюджет есебіне түскен. Әкім мырзаның статистикасы осылай сөйлейді.

Бір таңғаларлығы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік тілі - қазақ тілі" екендігі Есімовтің есінен шығып кеткен сияқты. Көпірген сөздің көп бөлігін Ресейдің мемлекеттік тілінде сөйледі. Тіпті орыс тілінде қойылған сұраққа қазақша жауап берген қызметкеріне зекіп те жіберді.

Соған қарап, осы Ахметжан мырза Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік алғанын білмей ме деген күмәнға қалдық. Оған себеп өткен жолы дәл Тәуелсіздік күні қарсаңында да өзінің туған күнін тойлауға қаланың сыртына шығып кетіп, барлық ұйымдастырылған шаралар әкімсіз өткен еді. Ал бүгін баяғыдағы Совет одағының бір жиналысында тұрғандай немесе Мәскеудің бір түкпірінде есеп беріп жатқандай әсер қалдырды.

Жалпы, статистика бойынша (2013 жылғы мәлімет) Алматы қаласының түрғындар саны 1 946,6 мың адамды құраса, олардың 55 пайызы қазақтар. Ал 64 пайыз алматылықтар мемлекеттік тілді еркін  меңгерген деп көрсетілген.

Біз осы мәселе бойынша жаңартылған деректерді білмек болып, Алматы қалалық статистика департаментіне хабарласқан ек, сөйтсек  қаланың басшысы түгілі қарапайым қызметкерлері де орысша білмесең жауап қайтармайды екен.

Журналист: - Алло, бұл Алматы қалалық статистика департаменті ме?

Маман: -Да!

Журналист: - Қазақ тілін тілін түсінесіз ғой?

Маман: -Нет!

Журналист: - Мемлекеттік тілді неге білмейсіз? Сіз ресми департаменте қызмет етесіз. Сондықтан мемлекеттік тілді білуіңіз керек емес пе?

Маман: -Но разговаривать на русском никто не запрещал же.

Журналист: - қазақ тілін білетін басқа біреу бар ма?

Маман: Нет.

Журналист: -Сіздің есіміңіз кім және қандай лауазым иесісіз?

Маман: -Евгения.П. специалист

Журналист:- Сонымен маған қазақ тілінде ақпарат бере аласыз ба?

Маман:-Именно что хотели?

Журналист: -Алматы қаласы бойынша тұрғындар саны туралы жаңартылған деректер керек еді.

Маман: -Этот вопрос  не к нам. У нас нет такой информация. Извините.

Қатысты Мақалалар