Елімізде 17 миллионнан астам жан саны бар, бірақ қанша отабасы, қанша баспана бары белгісіз. Әртүрлі дереккөз әртүрлі айтады. Бұған қосылу мен ажырасудың тұрақсыздығы себеп шығар. Ал баспаналар салынып, пайдалануға беріліп жатқанымен қазірше қажетсінуді қамдап үлгере алмай жатқаны анық. Алайда соңғы санақ нәтижесі қазақтың көбі қалада тұртындығын көрсетті. Бірақ бұл олардың бәрінің өз баспанасы бар деген сөз емес. Сондықтан қалда тұрады дегеннен жүреді деген дұрыс шығар. Неге дейсіз ғой біз қалада ауылдан келіп жалдамалы үйделердің бірінен-біріне көшіп жүреміз. Тұрақты үйде тұруға жағдайымыз жараспай жүрген жайы бар. Себеп көп. Енді оны қалай шешуге болама? «Тоқпағы мықты болса киіз қазық жерге кіреді» дегендей бұл күрмеуі көп мәселені шешуге, әрине, болады. Ол жалдамалы баспаналарды заңды тіркеуден өткізу қажет.
Қазіргі күнде Астана, Алматы секілді ірі қалаларда жалға берілетін жеке меншік баспана көп. Олардың ішінде нақтылы жалға беру құқығын алып, мемлекетке салық төлеп, заңды іс жүргізіп отырғаны шамалы екені белгілі.
Мен үкіметтің немесе үкіметтің желкелген қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып осы жалдамалы баспаналарды қадағалауын қалаймын. Бұған басты бірнеше себеп бар:
Біріншіден, заңды тіркеуден кейін жылжымайтын мүлікті жалға тапсырушыға салық төлету арқылы қазынаның қазанын толтыра түсуге болады, бұл өз кезегінде заңсыз табыс табудың алдын алады (бір басында бірнеше баспана бар, оларды жалға беріп мемлекетке тиын татырмай жүргендер қаншама).
Екіншіден, оларды заңды тіркеуден өткізу арқылы мемлекет салықпен қатар жалдау бағасын да белгілей алады. Оны жалдамалы үй орналасқан ауданға, әлеуметтік құрылғылармен қамтамасыз етілуіне, үйдің жағдайына қарай және әр шаршы метрі халыққа қолайлы болатындай етілуі тиіс. Мысалға Алматы қаласының барлық әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілген үйлердің айлық жалдау құны шаршы метріне 1000 теңге деп баға белгіленді делік, сонда 40 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер айына 40000 теңге болады. Ал мемлекетке салықты жалға беруші өз есебінен өтейді. Алайда дәл қазіргі бұндай пәтердің ақысы жоғардағыдан 2 есе болып отыр.
Үшіншіден, жалға алушылардың жағдайын жасау. Бұған бір мысал ретінде жаладамалы пәтерлерде тұратындардың көпшілігі жас отбасылардың орташа деңгейде екеуінің жалақысын қосып есептегенде 150000 теңге шамасында делік, екінші мәселедегі есеп бойынша қазір бұндай отбасы айлық жалақысының жартысын пәтер ақысына төлесе, коммуналдық қызметтер мен пайдалану құнына 10000 теңден астам шығындалады, оған отабасының тұрмыстық тұтынуын қоссаңыз «айлық шайлыққа әрең жетіп» жүрген жайын байқау қиын емес. Тапқан табыс тіршілік етуден аспағандықтан, қор жиып болашақ өз жеке баспаналарына ие болу ертегі болып қала береді. Ал бір еңбеккүшіне сүйенген немесе айлық табысы аз отбасылар үшін бұндай пәтерлерде тұру хан сарайында тұрумен бірдей.
Төртіншіден, отбасы тұрақтылығына, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен психикасына кері әсерді жою. Бүгінде отбасын құрмай «отызға бара жатырмын, одан асып барамын» деп әләулайын айтып жүрген бойдақтар мен ажырасып жатқан жас отбасылар жетерлік. Оған осы баспана мәселесі, жалдамалы үйдің жалақысын төлей алмауда басты себеп болуда. Бұл бір. Екіншіден жоғарда айтқандай айлық табысы аз жандар қала маңындағы жер үйлерде тұрған жерінен жұмысқа қатынаудың қиындығы өз алдына. Шыны керек жалға алған үйлерін үй иелері жалға беру мақсатында арзан құрылыс материалдарынан сапасыз салады, "времянка" аталатын бұл үйлердің астынан сыз, төрт қабырғасынан суық өтеді. Тіпті кейбіреулерінің есік-терезесі күн түспейтін теріскейге қаратылған. Міне бұл ондағы өмір сүргендерге, әсіресе жас нәрестелердің денсаулығына кері ықпал жасауда. Үкімет заңды тіркеу арқылы бұндай үйлердің жалға беруге жарамды-жарамсыздығын тексере алады. Аталмыш мәселенің ең бастысы - қазір құлдық санының құрсауы осы жалдамалы баспанадан басталатын болды. Бұл әсіресе отбасында өсіп келе жатқан тәуелсіздіктің, болашақ еркін ой сананың иесі балаларды «қожайынның қас қабағын» бағауға үйретеді. Сондықтан жалдамалы пәтерлерді бақылауға алу ең алдымен жалдаушы мен жалдап алушы арасында келісім-шарт негізінде жүзеге асатындықтан әр кім өз құқығын қорғауға болады. Айта кетерлік бір жайт қазір жас нәрестесі бар отбасын балаларың жылайды, тынымсыз т.б. сылтаумен көбінесе пәтерге ала бермейді. Бұл демографиялық жағдайымызға да әсерін тигізуде.
Бесіншіден, қылмыстың алдын-алу. Жалға берілетін баспаналарды заңды тіркеу арқылы онда кімнің қайдан келіп тұрып жатқанын білуге болады. Бұл көбінесе сырттан заңсыз келіп жатқан заң бұзушыларды азайтуға сеп болады.
Сөздің сірге жияры жалдамалы баспаналарды заңды тіркеу әрине жалға берушілер үшін тиімсіз. Менің ойым сандырақ болуы мүмкін. Бірақ жалпы ұлт мүддесімен санасар болсақ бұдан ұтпасақ ұтылмаймыз. Батыр Баукең айтқандай «Отан отбасынан басталады». Ол үшін отбасы тәуелсіз, таза, тиімді баспанада тұру керек шығар. Жалпы үкімет жалдамалы баспаналарды заңды тіркеу арқылы мемлекткеде халыққада игі іс істей алады.
Сауалнама
[poll id="3"]
ӘЛІБЕК Ыдырыс
