"Қазақ хандығына 550 жыл" логотип авторы жай адам емес

/uploads/thumbnail/20170708165729076_small.jpg

Қазақ хандығының 550-жылдығының логотипін жасақтау байқауында жеңіске жеткен адамды қаралап жатқандардың барлығы қызғанушылық пен сауатсыздықтың әсерімен ол азаматтың қандай екендігін біліп, түсінулері қажет.

Қазақ хандығының 550-жылдығы логотипінің авторы – Алмаз Шәкенұлы Нұразхан ұлттық байқауды жеңіп алған кездейсоқ адам емес. Бұл адам әрқашанда шығармашылық ізденістегі азамат. Ол мемлекеттік атрибутика мен Қазақстанның Елордасын, басқа да қалаларын безендіруде қолданылып жүрген шығармашылық жұмыстардың авторы.

Қазақ хандығының  550-жылдығына арналған логотипті жасақтау байқауына көптеген ұлттық, тіпті халықаралық деңгейдегі көрмелер мен байқаулардың жеңімпазы қатысқандығы таңқаларлық жағдай емес.

Ол логотиптің 20-дан аса әртүрлі үлгісін жасап, байқаудың қазыларына ұсынды. Әділ қазылар алқасы олардың біреуін таңдап алды. Бұл жеңіс – ұжымдық шешім. Оның өзге үлгілері де өте қызық, мазмұнды, ұлттық сипат пен қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне ие. Олардың интернет желісінде кеңінен таралуы, азаматтардың ол логотиптерді басты сурет ретінде қолданылуы оларды шығармашылық дарын иесі жасағандығының тағы бір дәлелі.

Сондықтан да Нұразханды қаралап жатқан адамдардың барлығы – елеуге тұрмайтын бақталастар ғана және саналы, ойшыл адамдар олармен ешқашан да келіспейді.

Самғар Рахым  

Қатысты Мақалалар