Омбы Қазақстанға беретін жерлерді атап көрсетті

/uploads/thumbnail/20170708165816042_small.jpg

Жақында Qamshy.kz  порталына "Ресей Қазақстаннан жер сұрап отыр" деген тақырыппен мақала жариялаған болатынбыз. Мақалада Омбы губерниясы мен "Русская поляна" арасын байланыстырып тұрған Қазақстанның иелігіндегі жер телімін Ресейге айырбас ретінде беру туралы жазылған болатын. Біз өз кезегімізде территориялық айырбас екі жаққа да ұтымды болуы үшін,  Өлгей мен Өскеменді жалғап тұрған жолдағы Ресей меншігіне тиесілі жер телімін сұрау керек деп ой тастаған ек. Бүгін Ресейдің Омбы Губенриясының "Деловой Омск" басылымы айырбас ретінде Қазақстанға берілуі мүмкін жер телімдерін мәлімдеді.

Егер ресми Астана мен Мәскеу бұл айырбасты мақұлдаса, Қазақстанның меншігіне екі бірдей жер телімі  өтуі мүмкін. Жалпы айырбасқа берілетін жер көлемі 2427 гектарды құрайды.  Омбы губернаторы:  "Қазақстан Республикасының меншігіне  көлемі 2427 гектарды құрайтын үлкен бір аумақты немесе жалпы көлемі 2402 гектарды құрайтын екі жер телімін айырбастауды көздеп отырмыз",-деді.

Еске сала кетейік, ақпанның 13-і күні Омбы губерниясына ресми сапармен барған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов пен Губернатор Виктор Назаров осындай келісімге келген болатын. Құжаттарды растау және территориялық айырбасқа рұқсат беру үшін тек, қос елдің басшыларына жүгіну қалған еді.

Қатысты Мақалалар