Янукович Украинаға қайтып, елде тыныштық орнатамын дейді

/uploads/thumbnail/20170708165833115_small.jpg

Жақында Украинаның экс-президенті Виктор Янукович Киевке қайта оралып, өзінің жақтастарын жинайтынын және Украина жоғарғы Радасын басқаруға ниетті екенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.

Ресейлік "ТАСС" ақпараттық агенттігіне берген сұқбатында Украинаның бұрынғы Президенті Виктор Федорович уақыты келгенде өзінің міндетті түрде Украинаға қайта оралып, ел саясатына араласытынын, қазіргі билікке қарсы Украина оппазиционерлерін жинайтынын мәлімдеген.

Евромайданға 1 жыл: Киев билігінің ауысуы Украин халқы үшін не берді?

"Өкінішке орай менің қолымнан ештеңе келмеді. Саясат үлкен ойын. Бірақ, мен өз жүрісімді әлі жасаған жоқпын. Елдегі кризисті, бейберекетсіздікті, қан төгісті тоқтату үшін Украинаға мен керекпін. Және мен міндетті түрде Украинаға қайтам,  қолымнан келгеннің бәрін істеуге тырысам. Дәл қазіргі уақыттағы міндет-ол соғысты тоқтату."-деді Янукович.

Сондай-ақ, Экс-президент: "Ешбір биліктің құны 2014 жылығы 21-22 ақпандағы қантөгісті жуып-шая алмайды. Қазір Украина мүлдем қиын кезеңде. Территорияның тұтастығы бұзылып, қаншама жазықсыз жандар мерт болды. Заң тұрақсыз, сенімсіз. Қазір Украин халқының жағдайын ешкім ойламайды. Бәрінің көздегені билік, тақ. Қазіргі Президент билік басына келу үшін-осындай құрбандыққа барды",-деді.

-Мен Украинада қазір болып жатқан жағдайлардың бәрінен хабардармын. Тіпті, елдегі жағдайларға мониторинг жасау үшін бірнеше мәрте кісі жібергенімді де жасырмаймын. Әлі де жібере берем-,деді бұрынғы Президент.

Янукович Донбасс туралы

"Украинаның қазіргі билігіне Донецк және Луганскімен келіссөз жүргізуден басқа жол жоқ",- В.Федорович.

"Қантөгістерді тоқтату, Шығыс Украина тұрғындарына тең құқық беру, сол аймақтардағы жергілікті билікке өзін өзі басқару құқығын беру туралы мәселелерде Еуропа елдерімен Ресей міндетті түрде қатысуы керек",-деді Янукович.

Янукович биліктен қалай кетті?

2014 жылдың 4 ақпанында Украина жоғарғы Раадсы Украинаның экс-президенті Виктор Януковичті президенттік мандаттан айыру туралы шешім қабылдаған еді. Раданың қабылданған бұл  шешімі Украина тарихындағы тұңғыш рет Президентті мандатынан айырған еді. Шешім талаптары бойынша, ол тек ел басқару құқығынан ғана емес, барлық жеңілдіктерден айырылған еді. Алайда, Раданың қабылдаған бұл шешімі Януковияті тақтан құлатып қана қоймай, антиконституциялық мемлекеттік төңкерісті мойындағанының көрінісі болды. Бірақ, Януковичті президенттікке сайлаған да, құлататын да Рада емес еді.

Украинадағы төңкерісшілер Киевті басып алған соң, саяси қудалауға түскен Янукович Ресей билігінен пана сұрайды. Қазіргі таңда, ол Ресейдің Ростов облысында тұрады.

Биліктен кейінгі өмір

Украинаның бұрынғы Президентінің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 20 қаңтарда Киев соты Экс-президентті тұтқындау туралы шешім шығарған. Ал  Интерпол Януковичке халықаралық іздеу жариялап, тұтқындауға және Украинаға экстрадициялаға бұйрық берген.

Николай Азаров,

Украинаның экс-министрі:

- Янукович қанды қол, тиран және халық қолымен жазалануы керек. Егер ол Украинаға оралатын болса, Ливия лидері Каддафи тағдырын қайталайтын болады.

Қатысты Мақалалар