Н.Назарбаев: Бізді қай күні құттықтау керектігін әйел қауымы білсін

/uploads/thumbnail/20170708165855973_small.jpg

Бүгін тәуелсіздігіміз сыналатын күннің бірі, талай жан өзінің қай мемлекетте өмір сүріп жатқанын ұмытып кететін күн. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 24 жылға аяқ бассада, көне кеңестік көзқарастан арыла алмай, бұл күнді әліде мереке ретінде атап өтетіндер көп екен. Сол әдетпен Қазақтың отан қорғаушылар күнін 23 ақпан деп жүретіндерге Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбевтың 2011 жылы сөйлеген сөзінен үзінді келтіруді жөн көрдім.

"Біздер, қазақстандықтар үшін, Отан қорғаушылар күні 7 мамыр болып табылады. 23 ақпан емес, 7 мамыр. Бізді қай күні құттықтау керектігін әйел қауымы білсін. Біз оларды 8 наурызда құттықтаймыз. Ал олар бізді 7 мамырда құттықтауды ұмытып кетеді»( http://www.inform.kz/kaz/article/2377040) – Нұрсұлтан Назарбаев, Қарағанды, 04.05.2011.

Бұдан кейін қандай сылтау керек. Ендігі жерде Елбасының осы сөзін ескермей бүгінгі күнді мереке санаушылар Қазақстан Республикасының азаматы деп айтуға келмес.

Тұрдыбек Құрметхан

Қатысты Мақалалар