4 жасар қызды моншада зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20170708165944202_small.jpg

Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 4 жасар қызды зорлауға әрекет жасау ісі бойынша үкім шығарды.

Қылмыс өткен жылдың қыркүйегінде облыс аудандарының бірінің орталығында жасалған еді. 38 жастағы мас жергілікті тұрғын балмұздақ алып берем деп сәбиді алдап, өз үйі ауласындағы моншаға кіргізген.

Сол жерде ол қызды шешіндіріп, қарсылық көрсеткендіктен оны ұрған. Бұл уақытта полицейлер үлгеріп келіп, монша есігін бұзып кіріп, қаскүнемді ұстады.

Сотталушының кінәсі толықтай дәлелденіп, Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы ("Он төрт жасқа толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасау") бойынша оған қатаң режимдегі колонияға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

"Ак Жайык"

Қатысты Мақалалар