Бауыржан Ретбаев 5 миллион теңгесін қайда жұмсайтынын айтты

/uploads/thumbnail/20170708165941416_small.jpg

БАУЫРЖАН РЕТБАЕВ: «5 МИЛЛИОНДЫ ҮЙ АЛУҒА ЖҰМСАУЫМ МҮМКІН»

Ақпанның 22- сінде   «Қазақстан дауысы» жобасының екінші маусымының жеңімпазы Бауыржан Ретбаев пен жақында атауын өзгерткен «Дауыс.кз» тобының мүшесі Бердібек Құлғараев туған жерге оралды. Ақтау әуежайына келген әнші жігітті ата-анасы және бір топ жанкүйерлері күтіп алды. Олар жас әншіні жеңісімен құттықтап, естелікке суретке түсті. Бауыржан өз кезегінде өзіне дауыс берген барша қазақстандықтарға алғысының шексіз екенін тағы бір рет айтты.

Ал бізге Маңғыстауға оралған Бауыржанмен сұхбаттасудың сәті түсті. 

- Жеңісің құтты болсын! Жобадағы ең қиын сәттерің қай кездер болды?

- Ең қиын сәттер бір эфирден кейін екінші эфирге  түсірілімге таңертең  ерте барған кездер дер едім. Ол кезде интервью беріп, дайындық жұмыстарымен қызу айналысасың. Одан басқа айтарлықтай  қиындықтар бола қойған жоқ.

 — Жеңіске жетуің тәлімгеріңнің немесе Ұлықпан Жолдасовтың арқасы ма?

- Мен тәлімгерім немесе Ұлықпан ағаның арқасы дей алмаймын. Маған бірінші болып көмектескен халық. Мұның барлығы халқымның арқасы. Бұл жерде барлығын халықтың дауысы шешті. Мықты деген дауыс иелері өтпей қалып жатты. Өздеріңіз көрдіңіздер.

- Финалда орындаған өлеңдеріңнің ішінде қайсысы ең қиыны болды?

-  Финалда орындаған әндерімнің ішінде ең қиыны «Сен мұңымды бер маған» әні болды. Өйткені, бір аптада үш әннің сөзін жаттау оңай емес.

-Ұлықпан Жолдасовтан басқа да шақырған продюсерлер болды ма?

-Ия, шақырып жатқандар көп. Аса танымал продюсерлер деп айта алмас едім. Бірақ Ұлықпан ағаны біз («Дауыс.кз» айтады) әке деп есептейміз. Ұлықпан ағаны далаға қалдырмаймыз.

-5 млн теңгені қайда жұмсамақ ойың бар?

- Осыған дейін шығармашылығыма жұмсаймын ба деп ойлап едім. Бірақ қазір ойланып жүрмін. Үстіне қаражат қосып үй алғым да келеді. Алматы немесе Астана қаласынан.  Оны алдағы уақытта көрерміз.

UWCMfpFWC7E

- «Дауыс.кз» жақында гастрольдік сапарға шығады дегенді естідік. Қай қалаларды араламақ ойларыңыз бар?

- Ия, гастрольге шығу ойымызда бар. Қай қалаларды аралайтынымыз әзірге белгісіз.  Әзірге студияда ән жазып жатырмыз.

- Жаңа ән жазып жатырсыз ба? Олар қандай мазмұнда?

- Ия, жаңа әндер жазып жатырмыз. Он-жиырма өлеңді альбомға дайындау үстіндеміз. Қазірше екі өлең бар. Біреуі «Аққанат айдай періштем» деген лирикалық ән. Екіншісі «Ақмаңдай» деген қазіргі жастардың стиліндегі «клубняк» деп жататын әндердің қатарына жатады.

 — Басқа қандай тілдерде ән айтасың?

- Испан, итальян, орыс тілдерінде ән айтамын. Бірақ «Қазақстан дауысында» шет елдік әндерді айтуға көп мүмкіндік болмайды. Жобада бір рет қана шет тілінде ән орындайсың.

- Сұхбатыңа рахмет!

baistars.kz

Қатысты Мақалалар