Жуырда Қазақстанның ең үлкен мегаполисі саналатын - Алматыда Орта азиядағы ең үлкен "Дөнер" даярланды деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Қазақстандағы түрік пен қазақ аспаздары бірлесе отырып, Орта Азиядағы ең үлкен түрік тағамын әзірлеген. Алматы қаласында орналасқан "Чичек мангал" орталығында әзірленген "Дөнердің" салмағы 200 килограмнан асады.
Арнайы Рекордтық көрсеткішті жаңарту үшін дайындалған "Дөнер" таза сиыр етінен жасалған. Қазақ-Түрік аспаздары бірге дайындаған алып "Дөнерден" дәм татуға Түркияның Алматыдағы бас консулы Супхи Атан мырза арнайы келген.
"Мен бұрын-соңды мұндай алып дөнерді көрмеппін. Қазақ және түрік аспаздары бірлесе отырып дайындаған бұл "Дөнер" Орта Азия елдері ішінде рекордттық көрсеткішті көрсетіп отыр. Ал дүние жүзінің Гиннес рекордында әзірленген дөнердің салмағы 250 кг болған еді",-деді консул Супхи Атан.
"Бұл біздің алғашқы қадамымыз. Қазақ және Түрік елдерінде, әсіресе тағамға келгенде талғам өте жоғары. Түріктер тәтті тағамдарды жиі тұтынатын болса, Қазақ елінде ет тағамдар негізгі мәзір болып саналады. Біздің таза сиыр етінен әзірлеген дөнеріміз 200 кг-дан асады. Алайда бұл рекордттық көрсеткіш емес. Алдағы уақытта Орта Азияда ғана емес, Дүниежүзіндегі ең үлкен дөнерді дайындайтын боламыз",-деді "Чичек мангал" орталығының директоры, бас аспаз Невруз Гүняшев.