Қазақстандық оқушылар "Орыс әдебиетін" оқуға не үшін міндетті? (сауалнама)

/uploads/thumbnail/20170708170112823_small.jpg

Бүгінде ҚР Білім беру саласы бір жүйеге тоғытылған, ешбір мінсіз, айналасы мұнтаздай болып көрінгенімен, әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселелер жоқ емес.

Уақыт өткен сайын дерті асқынып бара жатқан осындай түйткілді мәселелердің бірі- әлі күнге дейін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің стандартты мектеп бағдарламасынан "Орыс әдебиеті" пәнінің түспей келуі. Қазақстандық оқушылар арнайы "Орыс әдебиетін" оқуға міндетті ме? және олар не үшін орыс әдебиетін арнайы сағаттар алып оқуы керек? Етек-жеңімізді түгендеп, шекарамызды нықтағалы ҚР Білім және Ғылым министрлігін 10 министр басқарыпты. Әр келген жаңа Министр реформашыл. Бұл біздің БҒМ-дағы қалыпты үрдіс іспетті. Осы реформашыл басшылардың біреуі де бастаған істерін аяғына шығармағанына қарап қарның ашады. Сонымен қатар орта мектептердегі оқулықтар да жыл сайын жаңартып отырады. Кезегінде бұл да оқытушылар мен оқушылар үшін дискомфорт туғызатыны тағы бар. Біздіңше, бүгінгі күннің басты талқысы - орта білім беру мекемелеріндегі стандартты бағдарламадағы "орыс әдебиеті" пәнінен бас тарту. Мемлекеттік идеологияға қиыспайтын "орыс әдебиетін" мектеп қабырғасында оқыту – жастарды орыс идеологиясына бейімдеу емес пе?

Мадияр Саудбаев, оқытушы: Мен ЖОО оқытушысы ретінде бұл идеяны қолдаймын. ҚР орта мектептердегі оқыту бағдарламасынан «Орыс әдебиетін» жеке сағат бөліп оқыту дұрыс емес. Бірақ, бұл орыс әдебиетінен толықтай бас тарту деген сөз емес. Біз қанша жерден Ресеймен ең жақын көрші тұрғанымызбен, 70 жыл бір одақта, бір байрақтың астында болғанымызбен, бүгінде Кедендік және Евразиялық экономикалық одаққа мүше болғанымызбен, қазір идеологиямыз бөлек, дініміз бен діліміз бөлек, дербес мемлекетпіз. Соныдықтан, бұрынғы орыстандыру кезеңінің шеңгелінен шығатын уақыт әлде қашан келген. Орта мектептерде орыс әдебиетін бөлек оқыту – бұл астыртын жүргізіліп отырған саясат секілді. Орыс мектептері болсын, қазақ мектептері болсын-әлем классиктерінен екшелеп, бір орысты бөлек оқытатындай басымызға не қара күн туды?! Мен қазақстандық орта мектепке арналған "Орыс әдебиеті" оқулығынан (6 сыныпқа арналған) Иса пайғамбардың (Исус Христос) өмірі туралы тақырыпты көргенде-ақ, осының мүлдем дұрыс емес екенін айтқам. Қарап тұрсаңыз, қазір әлемні елдері ислам мен терорризмді егіз ұғым деп қарайтын болды. Неге терроризимді тек исламмен байланыстырады? Мысалы, Қазақстандағы мыңдаған орыстың шіркеулерінде астыртын саясаттың жүргізіліп жатпағанына кім кепіл? Мысалы, Алматының қақ ортасында орналасқан 28-Панфиловшылар паркіндегі ескі шіркеудің айналасында үнемі сақалдары жер сүзген адамдар топтасып жүреді. Ол қала берді, сол шіркеудің ішінде де, сыртында да әскери формадағы орыс азаматтарын жиі ұшыратамыз. Бұған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Керісінше мұсылман мешіттің айналасынан сақалды еркек, жаулықты қызды көрсе өре түрегеліп, табалауға дайын тұрамыз. Ал орыс авторлары шіркеу туралы, Иса туралы сонау мектеп оқулықтарында-ақ дәріптеп келе жатқанына аса зер салмаймыз. Сондықтан, мұның артында білдей мемлекеттің идеологиясы жатыр. Орыс әдебиетін, орыс жазушылары мен діндәрларын Қазақстандық жас өскінге арнайы оқыту, оқушыларға мектеп қабырғасынан бастап дәріптеу – ұлттық идеологиямызға мүлдем қайшы. Орыстың классиктерін біріңғай әлем әдебиетіне қосып оқыту әлде қайда тиімді деп ойлаймын.

[poll id="4"]

Гүлзат Тоғжанқызы

Қатысты Мақалалар