Қазақстандықтардың 57%-ы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді дұрыс деп санайды

/uploads/thumbnail/20170708170215371_small.jpg

«DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарының арасында «Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауының өткізілуі» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 2081 адам қатысты. Олардың 68%-ы әйелдер және 32%-ы ер азаматтар. Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Сауалнама 2015 жылы 16-20 ақпан аралығында жүргізілді.

Респонденттердің 82%-ы мерзімінен бұрын өткізілетін президент сайлауына қатысуға дайынбыз деп жауап берді. 11%-ы сайлауға қатыспаймыз деген жауап нұсқасын таңдаса, 7%-ы нақты шешімдерімен бөлісе алмады.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 57%-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесінде ұсынылған президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу идеясын қолдайды. Олар соңғы уақыттағы ішкі келеңсіз оқиғаларды ескерсек, бұл идея Қазақстанда экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайды тұрақтандырады деп сенеді. Ал, респонденттердің 19%-ң пікірінше, сайлау белгіленген уақытында, яғни 2016 жылы өткізілуі тиіс. Ал, 13%-ы бейтарап пікірді ұстанады. Олардың ойынша, сайлаудың қай уақытта өткізілетіні маңызды емес. Қалған 11%-ы бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Келесі сауал үміткерлерге арналды. Мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауында кімге дауыс берер едіңіз деген сұраққа респонденттердің 74%-ы «қазіргі биліктегі президентке» деген жауапты таңдады. Отандастарымыздың 6%-ы қазіргі президенттің саясатын жалғастыратын үміткерге, 6%-ы ел дамуының балама жолын ұсынған тәуелсіз үміткерге дауыс бермекші. Қалған 14%-ы кімге дауыс беретіндерін әлі анықтаған жоқ.

Зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 60%-ы Қазақстандағы сайлау жүйесін тәуелсіз әрі ашық деп санайды. 14%-ы бұл пікірмен келіспейді. Олардың ойынша, Қазақстанда ашық әрі демократиялы сайлау өткізілмейді. Ал, респонденттердің 11%-н саясат қызықтырмайды екен. Қалған 15%-ы бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймыз деді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 14 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді ұсынған болатын. Кейін бұл бастамаға Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары да қолдау білдірді.

Сауалнама қорытындысы біздің қоғамдағы сыртқы факторлер (Украинадағы қақтығыс) мен экономикалық дағдарыс нәтижесінде күшейген патернализмнің (қамқоршылдық) кең таралғандығын көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстанның жаңа тарихында ұзақ уақыт бойы билік ауыспағандығы зерттеу қорытындысына әсер еткені ақиқат.

Бұл сауалнаманы MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жасады.

infografika

Қатысты Мақалалар