Алматыда қарақшылар ОҚО-ның тұрғынын пышақтап кеткен (фото)

/uploads/thumbnail/20170708170458171_small.jpg

Алматының жол-патрульдік полициясы "кісі өлтіру" дерегінің бетін ашты. Аса ауыр қылмыс түнгі сағат үштерде Наурызбай ауданындағы "Шұғыла" ықшам ауданының жеке секторында жасалған.

4e31efbf78b8d248e5e62c5e88c36564

Бұл туралы Алматы арнасы "Куәгер" бағдарламасы хабарлайды. Пышақ жарақатын алған ер адамды көрші орналасқан үй тұрғыны байқады. Мәлім болғандай, сол азаматша бірінші кезекте 102 пультіне және жедел жәрдем қызметіне хабарлаған. Өкінішке қарай, ер адамды аман сақтап қалу мүмкін болмады. Патрульді полицейлер сол маңайда тексеріс жұмыстарын жүргізді. Адам өлтіру дерегіне қатысты деген күдікпен ұсталған үш адам бірден тәртіп сақшыларының қолдарына түскен. Жедел тергеу тобы кісі өлімінің себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады.

d925ba268fc486d08f82f0e2dbffd43d

Бастапқы мәліметтер бойынша, 27 жастағы Оңтүстік Қазақстан тұрғыны кеуде тұсына екі мәрте келтірілген пышақ жарақатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша Каменка полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды.

"Алматы" арнасы

Қатысты Мақалалар