Армения мен Әзірбайжан территориялық тартысы: өзімізге тиісті тағлымдар

/uploads/thumbnail/20180427172728581_small.jpg

Тарихи жағрапиялық әлқиса. Кезінде Ұлы Армения құрылып олар бүкіл Закавказьедан басқа Кавказ бен жапсарлас өлкелерді қадағалады. Алдымен Урарту біздің дәуірімізге дейін 9-6 ғасырларда жасады. Ұлы Армения тағы да түледі-Урарту мен Ұлы Армения үш теңіздің арасында орналасты:Қара теңіз, Жерорта теңіз және Каспий теңіздері арасы еді. Сол заманға сәйкес варварлық мемлекет емес нағыз өркениетті жазбасы мен төл мәдениеті дамыған шахарлар мемлекеті еді.Армян мемлекетінің бір ақ кемшілігі- саудагерлер мен қолөнершілер жанға және бизнеске жәйлі мемлекеттерге көшуді дұрыс көрген.Сол үрдіс армян мемлекетіне қатты зауал әкелді.Биік дәрежедегі мәдениеттке жеткен армян халқы діншіл,ынтымақшыл,ұлтжанды,тұрмыс дәрежесі жоғары ұлтқа айналды.Әрқашан армяндар қандастарына алыстан араша түсіп, материалдық және рухание көмек көрсетіп отырды. Осман империясында армяндар титулдық ұлт есебінде болды.Көптеген бизнес , мәдени, сауда, ішкі және сыртқы саясат армяндардың қолында болды және солардың еңбегімен жүзеге асып жатты.Осман имеприясының өркендеуіне армяндардың да үлесі зор.Бірақ Бірінші Дүние Жүзілік соғысы басталысымен Осман империясында армяндарға деген көңіл бұзылды, енді Осман империясының басшылары оларға қарсы саясат жүргізді.Осман империясның саясаты мұхаджирлер әрекеті,Батыс елдерінің қолпаштауымен және биліктегі ұрдажықтар ниетмен репрессиялар жапай құдалау мен тіпті геноцидке айналды.

Экономикалық және демографиялық алғышарттартар мен потенциалдар.Сонымен армяндар сол жылдары АҚШқа, Европаға,Ресейге жаппай көше берді. 1920-1991 жылдары  Армян мемлекеті   кеңес республикасы ретінде КСРО құрамында жасады, кейін ол егемен Армянстан –Аястан болды. 1951 жылы Арменияда 1 млн.368 мың адам, бара келе 1957жылы 1 млн.648 мың, 1963жылы-2 млн. 036мың, 1990 жылы -3 млн.543 мыңға жеткен. Кеңес Үкіміті эмиграцияны шектеп отырған және эмигранттарды құдалаған. Бірақ Кеңес Үкіміті бәсеңдеп құлаған тұста , әсіресе 1991 жылдан бастап 2011 жылға дейін  Арменияның халқы азайя берді.Себебі КСРОның  құлауы Арменияға көмектің  азайып кетуіне себеп болды.Территориясы шағын мемлекеттің тынысы да тар еді.Одан арғы кезеңде 1993 жылы-3 млн. 409 мыңнан бастап саны құлдырай берді, сонымен  2011 жылы-2 млн. 965 мыңға дейін құлап, келесі жылдан бастан қайта өсе бастады. Мәселен, 2018 жылы-3 млн.044 мыңға қайтадан толды.( http://countrymeters.info/ru/Armenia).

Қайта құру жылдары (1987—1988) Қарабах дүрдарыздығы өршіді: армяндар мен әзірбайжандар арасында араздық соғысқа айналды.Армения мен Әзірбайжан арасында Таулы Қарабақ үшін әскери соғыс болды(1991—1994). Израиль  дипломат  айтқандай 30 тысяч адам өлген. (Израильский дипломат Армения-Карабах-Азербайджан https://www.youtube.com/watch?v=jHNmBN9NX4s).1990-2016 жж. Әзірбайджанның ІЖӨ 31.3 миллиард  долларға өсті(в 5.8 есе)  http://be5.biz/makroekonomika/gdp/az.html#main).

Cонымен,  Арменияда жұртшылық 3 млн., ал  Әзірбайжанда - 9 млн. Екі мемлекеттің экономикалық әлеуетік артықшылық  Әзірбайжан жағында. 2015жылы Әзірбайджанның ІЖӨ 63,98 млн доллар, бұл Армениядан  6 есе артық.( Сравнение экономик Азербайджана и Армении http://ru.axar.az/news/ekonomika/43401.html). Ал Әзірбайжан мемлекеті қымбаттап келе жатқан мұнай бағасымен күшейіп келеді. Ал  Армения географикалық жағынан қамалған мемлекет: бір жағынан Арменияны Түркия, Әзірбайжан бұғаттайды, ал сауда жолы Иран мен Грузия арқылы. (http://be5.biz/makroekonomika/gdp/az.html#main) Бірақ Грузия арқылы Арменияның жолы аса дамымады.Қытайдың Қазақстан арқылы Әзірбайжанға теміржол белдеуі жақсы нәтиже беріп келеді.Қалай болса да жан жағынан қысылған шағын мемлекет Арменияға армян диаспорасының көмегі ауқымды деп есептеледі.

Арменияның билігінің жаңаруына байланысты  Арменияның сыртқы саясатына әсер етпейді, яғни өзгермейді  деген тұжырым бар. Ол бекер тұжырым , аздап саясат өзгереді.Батыс елдері тарапынан қолдау Арменияны қолдау азаяды.Ал Ресей өз саясатын Арменияда жандандырады, бірақ Әзірбайжан Ресейдің Арменияны қолдауды тым көтертпейді. Әзірбайжан Ресей элитасын қаржылар арқылы өз жағына тартады. Сирияның армяндары атамекенге –Арменияға қайтып жатыр.Сирияда 80 мың армяндар турады екен.( Арпи Арутюнян, Айкуи Барсегян (IWPR, Великобритания)Сирийские армяне переселяются в Армению http://www.yerkramas.org/article/36847/sirijskie-armyane-pereselyayutsya-v-armeniyu ). Иранның армяндары өз бизнестерімен Арменияға қайтуда.( Андраник Асатурян Армянские компании возвратились из Ирана с 9 договорами — 22 сентября 2017. https://newshay.com/armyanskie-kompanii-vozvratilis-iz-irana-s-9-dogovorami/). Сол сияқты Ирактың армяндары елге Арменияға қайтуда.( Иракские армяне возвращаются в Армению. 9 марта 2006.https://news.day.az/armenia/43456.html).Ирак пен Сириядан келгендер-олар сол елдердегі соғыс зардабынан көшкен босқындар. Ираннан Арменияға келгендердердің отансүйгіштіктен басқа бизнес мақсаттары бар. Негізінен Арменияның армяндары Ресейге, АҚШқа  көшуді жөн көреді.Сондықтан Арменияның кері миграциялық сальдосы қолайсыз. 1991-1998 жылдары Армениядан  600 мың адам көшкен,1998-2008 жылдары тағы 130 мың адам көшкен, ал 2008 жылдан кейін 260 мыңнан астам адам Армениядан көшті. Сонымен,Егемен Армениядан  1 миллиондай армян көшті. Армениядан әрине орыстар да, курдтер де көшкен. ( Отрицательное сальдо миграции в Армении составляет 7,2% - социолог. http://arka.am/ru/news/society/otritsatelnoe_saldo_migratsii_v_armenii_sostavlyaet_7_2_sotsiolog/05.02.2016)

Тұжырымдар:

  1. Арменияның билігінің жаңаруы Арменияның сыртқы саясатына әсер етпейді, яғни өзгермейді деген тұжырым бар.Армения- демократиялық ел .Олардың президенті төртінші мәрте өзгермек.Арменияның саяси режимі Әзірбайжаннан тиянақтырақ.
  2. Батыс елдері тарапынан Арменияны қолдау азаяды.Ал Ресей өз саясатын жандандырады, бірақ Әзірбайжан Ресейдің Арменияны қолдауды көтертпейді, яғни Ресей элитасын қаржылар арқылы өз жағына тартады;

3.Арменияның экономикалық, демографиялық қуаты Әзірбайжаннан еселеп(2-3есе) кем.Бұл жағдай Арменияның әскери қауқарын азайтады.Тарихи перспективада Әзірбайжан өз жерлерін –Қарабақ өлкесі мен  Лашын дәлізін қайтаратын түрі бар;

Тағлымдар:

1)Назарбаевтың ішкі саясаты (әлеуметтік ,экономикалық және ымыраластық этникалық) және сыртқы саясаты (геосаяси икемділігі: Ресей-Қытай-АҚШ арақатынасы мүддерінен шығуы ) өзін ақтап ширек ғасыр еліміздің территориялық тұтастығын, экономикалық өрлеуін сәтті нарықтық  реформаларымен қамтамасыз етті.

2)Біз үшін өте қауыпты кезең саяси транзит. Күндердің күнінде Назарбаев кетсе оның орнына реформаны жасамайтын қайраткер келуі ықтимал. Сол сияқты деструктивті персона да келуі мүмкін.Орысшыл азамат келсе тағы да жаман.Орта Азия басшыларының бірі де(Қырғызстанның саяси революциялары экономикалық және әлеуметтік жоқшылықтан туды) реформатор болмаған.Сондықтан болашақта Қазақстанды демократиялық транзит күтеді.Демократиялық транзит жоғарыдан, не төменнен орындалады.Армениядағы Ең қолайлысы- жоғарыдан орындалған демократиялық транзит.

3)Әлемнің әр елінде, соның ішінде Орта Азиялық елдерде және Қазақстанда циклдық, экономикалық, технологиялық, ресурстық, экологиялық және ұлттық дағдарыстар қонақтайды.

4)Мәселен, әрбір 10-13-15 жылда айналып қайтып келетін  экономикалық, сол мерзімде технологиялық,ресурстық,экологиялық дағдарыстар болады.

5)Дағдарыстың шынайы белгілері мен көріністері байқалады. Дағдарыстың шынайы белгілері мен көріністері-коллизия , немесе симптом деп аталады.Мықты саясаткерлер -қайраткерлер деп аталады.Саясаттанушы шыншыл болса олар коллизия , немесе симптомдарды алдымен байқайды да қауымды , саясаткерлерді ескертеді.Бірақ саясаткерлер мен саясаттанушылар арасында арам және опасыз персоналар  көп кездеседі , біразы азаматтық борыштың орнына жәй барақат тоқ тіршілікті таңдап шындықтан аулақ жүреді де есесіне паллиатив ұсынады.Паллиатив- жалған, бірақ  шындыққа тым ұқсайды, көп жағдайда шындықпен қатар, немесе шындықтың орнына жүре береді.Түбі паллиатив жарға соғады.

6)Дағдарыстардан шыға білетін ұлт –мәңгілік ел болады.Саны көп, төл тілін сақтаған ұлт мәңгілікке жол табады.

...............................................................

Қосымша деректер:

Армения  халқының санының динамикасы

1994-3 329 808 адам

1995-3 256 558  тұрғындар санынң азайуы-2.20 %

1996-3 198 299 адам, тұрғындар санының азайуы-1.79 %

1997-3 155 539 адам, тұрғындар санының азайуы-1.34 %

1998-3 125 305 адам, тұрғындар санының азайуы-0.96 %

1999-3 103 389 адам, тұрғындар санының азайуы-0.70 %

2000-3 084 959 адам, тұрғындар санының азайуы-0.59 %

2001-3 068 067 адам, тұрғындар санының азайуы-0.55 %

2002-3 053 643 адам, тұрғындар санының азайуы--0.47 %

2003-3 041 835  адам, тұрғындар санының азайуы-0.39 %

2004-3 031 201 адам, тұрғындар санының азайуы--0.35 %

2005-3 020 450 адам, тұрғындар санының азайуы-0.35 %

2006-3 008 539 адам, тұрғындар санының азайуы-0.39 %

2007- 2 995 139 адам, тұрғындар санының азайуы-0.45 %

2008-2 981 573 адам, тұрғындар санының азайуы-0.45 %

2009-2 970 569 адам, тұрғындар санының азайуы-0.37 %

2010-2 964 802  адам, тұрғындар санының азайуы -0.19 %

2011-2 965 740 адам, тұрғындар санының өсуі-0.03 %

2011 жылдан бастап Армения халық саны аздап өсіп келеді

2012-2 973 162 адам, тұрғындар санынң азайуы -0.25 %

2013-2 985 266- адам, тұрғындар санынң азайуы-0.41 %

2014-2 999 173- адам, тұрғындар санынң азайуы-0.47 %

2015-3 011 933- адам, тұрғындар санынң азайуы -0.43 %

2016-3 022 866- адам, тұрғындар санынң азайуы-0.36 %

2017-3 033 839- адам, тұрғындар санынң азайуы-0.36 %

2018-3 044 852- адам, тұрғындар санынң азайуы-0.36 %

Әзірбайжанның Ішкі жиынтық өнімнің динамикасы 1990-2016жж.

1990-6.5 млрд. долларо

1991-6.7 млрд. доллар

1992-5.3 млрд. доллар

1993-4.2 млрд. доллар

1994-3.4 млрд. доллар

1995-3.1 млрд. доллар

1996-3.2 млрд. доллар

1997-4.0 млрд. доллар

1998-4.4 млрд. доллар

1999-4.6 млрд. доллар

2000-5.3 млрд. доллар

2001-5.7 млрд. доллар

2002-6.2 млрд. доллар

2003-7.3 млрд. доллар

2004-8.7 млрд. доллар

2005-13.2 млрд. доллар

2006-21.0 млрд. доллар

2007-33.0 млрд. доллар

2008-48.9 млрд. доллар

2009-44.3 млрд. доллар

2010-52.9 млрд. доллар

2011-66.0 млрд. доллар

2012-69.7 млрд. доллар

2013-74.2 млрд. доллар

2014-75.2 млрд. доллар

2015-53.1 млрд. доллар

2016-37.8 млрд. доллар

Әзімбай Ғали

Қатысты Мақалалар