Алматылық дәрігерлермен кездескен қала әкімі Ахметжан Есімов көші-қон қызметкерлеріне өзге қалалардан келген тұрғандардан "сақтандыру полюстерінің" болуын қадағалауды тапсырды. Бұл туралы Qamshy.kz порталы хабарлайды. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, соңғы үші жылдың ішінде сырт қалалардан келген аурулардың саны үш есеге артып, 30 мыңды құраған. "Қаладағы ауруханалар мен емханалардағы қызметтің қым-қауырт болуының себебі-ауылдық және аудандық жерлердегі дәрігерлердің қолдарының қысқалығында. Ол жерлерде толықтай ем қабылдауға мүмкіншіліктер жоқ. Болса да аз қамтылған. Сондықтан, бәрі ағылып Алматыға келеді. Салдарынан біздің қалалық ауруханалар лық толып қалады. Енді басқа аймақтардан келген аурулардан сақтандыру полюстерінің болуы және төленуі талап етіледі ", - деді А. Есімов