Қырғыздар "қазақта мемлекет болған ба" деп талқылап жатыр

/uploads/thumbnail/20170708170941518_small.png

Орыс Президенті Путиннің "қазақта бұрын мемлекет болмаған" деген мәлімдемесін енді қырғыз тарихшылары талқылады. Бұл туралы Qamshy.kz  порталы хабарлайды.

Кеше BBC-дің қырғыз қызметіне берген сұхбатында қырғыз тарихшысы Кыяс Молдокасымов Қазақ хандығының құрылуы туралы ой бөлісті. Аталған сұхбатты ықшамдап ұсынып отырмыз.

 "Шындығында Қазақ Президенті Назарбаев жыл басында Қазақ мемлекетінің 550 жылдығына байлнысты   тарихшыларға, қоғам қайраткерлеріне т.б. осы айтулы датаны мемлекеттік деңгейде атап өту туралы өзінің жарлығын шығарған еді. Кейбір саясаткерлердің "Қазақта бұрын мемлекет болмаған" деген мәлімдемесіне Президент Назарбаев "Биыл біз Қазақ мемлекетінің  550 жылдығын тойлаймыз. Біз осыдан 550 жыл бұрын өз мемлекетімізді құрғанбыз", -деген болатын.

- Осыған орай, Қазақ хандығы осыдан 550 жл бұрын құрылған деген деректерді қазақ тарихшылары әр тараптан талдауға алып, зерттеп жатыр. 27 ақпанда Алматы қаласында  үлкен ғылыми жиын өтті. Бұл жиынға тек қазақ тарихшылары емес, алыс-жақын шетелдерден түркологтар, тарихшылар келіп қатысты. Шындығында Қазақ хандығының тарихы сонау тереңде жатқаны мәлім.  Сонау, Дешті Қыпшақ, Қыпшақ даласы деп аталған жерде қыпшақ текті, тілі біздің қырғыздың тіліне жақын болған көшпенді елдердің бірнеше мемлекеттері болғандығы рас. Бірақ, ол мемлекетер Шыңғыс хан әскерінің табанына тапталып, моңғол тайпаларына сіңісіп кеткен. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының  саясында Алтын Орданы құрғанда сол қыпшақ тектес, түркі елдері . Сол Алтын Орданың шығыс жағы Ақ орда болып, бұл жерде де қыпшақ тайпаларының үстемдік еткенін айту керек. Ал Қазақ хандығының басталу кезеңі дәл осы Ақ ордамен байланысты келеді. Осы орайда деректер қазақ хандығының құрылғанына 550-560 жыл болатынын көрсетеді.  Қазақ хандығының алғашқы іргетасын қалаған Керей хан мен оның оң қолы болған Жәнібек сұлтандар туралы айта кету керек.  Қазақ тарихшылары 1465 жылы осы Керей хан мен Жәнібек сұлтанның мемлекет құру жолындағы күресі қазақ хандығының негізін қалады деген пікірді айтады және қазақ оқымыстылары орыс патшайымының хатын дәйек ретінде келтіреді. Олардың айтуынша сол хатта "қазақ хандығы" деген жазу болған дейді. Бірақ, бұл нақты дерек емес. Әбілқайыр ханға қарсы шығып, Ақ орданың айналасындағы бытыраңқы елдердің басын біріктіріп, Керей мен Жәнібек хандар қазақтың алғашқы мемлекетін құрады деп мәлімдеме жасауы Ресей думасының Жириновский секілді саясаткерлеріне берген жауабы ғана.

Бұл жерде тек қазақ тарихшылары ғана емес, қырғыз тарихшылары да осы ретті бір тұжырымға келуі керек. Себебі, Алтын орданың аймағыдағы қырғыз рулары да болғанын айта кетуіміз керек. Енді, патша өкіметі кезінде қазақтарды неге қырғыздар деп атаған деген сұрақ туады. Алтын орданың айналасына шоғырланған қырғыз рулары мен Керей хан өте жақын байланыста болған. Тіпті, аяғына енді тұрып келе жатқан Қазақ мемлекеті сол кездің өзінде қырғыздардан көмек сұрап,  Теміртаудағы қырғыздармен әскер біріктіріп,  бергі шеті өзбектерге, арғы шеті моңғолдарға қарсы, ойраттарға қарсы шабуылға шығып отырған.  Мұның бәрі қазақ пен қырғыздың тарихының жақын екенін білдіріп тұрады. Ресей саясаткерлерінің қазақта мемлекет болмаған деген мәлімдемесі өте жаңсақ айтылған. Қазақтарда  мемлекет болған және қырғыз тарихымен етене байланысты  келеді. Алғашқы ханы-Жәнібек хан, одан кейін отыз жыл бойы Керейдің ұлы Бұрындық билеген кездерде де қазақ пен қырғыз арасындағы байланыс  үзілмеген".

Қатысты Мақалалар