Спортшылар, ғалымдар мен мұғалімдер – Испанияның "ең бақытты мамандықтары".
Бұл "Adecco" халықаралық компаниясы жасаған рейтинг мәліметтері, - деп хабарлайды espanarusa.com.
Мәселен, сауалнама барысында спортшылардың 98,9%, мұғалімдердің 95,15% және ғалымдардың 94,45% өздерінің кәсіптік міндеттерін бар ынтамен орындайтынын мойындады.
"Бақыт индексі" бойынша 90% көрсеткішке қорғаушылар (92%), медициналық қызметкерлер (91,67%) мен суретшілер (91,18%) жетті.
Рейтингтің басқа көшбасшылары қатарында психологтар, журналистер мен өрт сөндірушілер бар. Bnews.kz
Пікір қалдыру