Жырақ жүрсең айтатын аңсап атын, Тастары да жаңғырып тамсанатын. Қасиетты Қазақтың даласы бұл _ Аңқылдап самалы да қарсы алатын! Тұрмассың шабыт кернеп ала сұрмай, Тартқанда бебеулетып дала сырнай. Далаң _ анау, саялы қалаң _ мынау, Даласы қаласына жарасуы- ай! Бәрі аман - Каспи, Арал, Балқаш бәрі… Тарих шомған даламның орқаштары… Қазақ десең Қазақ деп қайталайды, Қымбатты отанымның жартастары! Керей мен Жәнібектей дара тұлғаң, Рухы-биік, намысы- өр жаратылған. Керей сұлтан ең алғаш хан атанып, Шу бойынан шежырем таратылған… Әңгімеміз ендеше болар тыңнан, Алатаудың Алпыдан сәні артыдған. Көгілдір картадағы _ қазақ жері… Жалғанның жартысындай анаау тұрған. Шуақ құйып жайнатқан таңның алдын, Еркіңде қай бөетерді ән қыларың. Атақты Қасым, Есім, Тәуке хандар Қайсы белде бекітті жарғыларын... Талайдың атын жұртқа жайған мына, Берер жер ойдамды да, толғамды да. Атақты Қадырғали Қосымұлы, Осында көп тарихқа ойланды ма?!... Жұрты үшін жер ұйыққа болған ғашық, Желмая- ғұмыр солай тауларды асып. Елес пе, алде, шаңқай түс, ұлы түзде, Асанқайғы барама маңғаз басып?... Қозғалар білім жайлы бір ынталық, Сәулелі жұлдыздардың нұры тамып. Сол асыл көктемдерде көктеген –ау, Өтейбойдақ ойлары бүрін жарып. Титімдейін шұңқырға атан да өліп, Қйын қыстау бір кездер қатар келіп, Төле, Айтеке, Қазыбек кеңес құрса, Жататын есік алдын мақал көміп. Бар әлем отанымды білген- ді енді, Ұлы хандар қан-тері сіңген жерді. Бұл күні ақ қар басып жатырма екен, Абылай сарбаздары жүрген жолды… Сол ұлы сарбаздардың өркені өсіп, Ұлт тадырын таңдады желкен етіп. Ең алғаш Қасым сұлтан қайсы жерде, Хан Кенені отырды еркелетіп. Мәртебеңді қаншама асырды ұлың, Көтерген ері қанша ғасыр жүгін. Ұлы Абай қай жерінде ойға батып, Қай жерінде жазды екен асыл жырын… Болмайтын тамағыңды бүлкілдетіп, Өткенгі әңгңмеге бір күн беріп. Отыру қандай рахат ұлылардың, Осы ұлы мекенінде бір сыр шертіп. Тәуелсіздік деп енді ән айтамын, Сенеміз бағымызды молайтарын. Елім менің,"Әркімнің туған жері- Астана шәрісіндей" деп айтамын. Жұртымыз ай шарынан хат алысқан, Талғат, Тоқтар ұлдары қатар ұшқан. Дәл осылай көркейіп жаса мәңгі, Тәуелсіз, бақытты елім _ Қазақстан! Ұлы сәуле түскендей ғаламғада, Бақытты, еркін күйге енген далам жаңа. Қуан енді, Кең далам - бұл көк байрақ, Желбіреймін деп тұр ғой саған ғана!
Мүбарак Қизат(Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті)
Пікір қалдыру