Арыстандай айға шапқан алыптың, қатал өмір қанатында қайрылттың. Ажал келсе дәрмені бар қай мықтың, пәрмені жоқ, дәрмені жоқ жарлықтың. Бір өкініш тынысымды тарылттың, сол күнді аңсап,соған жетпей зарықтым. Дәрменсізсің алдында,өлім деген ғайыптың. Арманымды халқым үшін сабылттым, Дұспанымды қақпа қылдай қағыппын, жауларымды қақпа құрған жаңылттым. Қамын жедім қазақ деген халықтың, амал қанша маған қысқа жарық күн. Дей алмаймын бұл күніме қарықпын, Қай заманда тізгін ұстар ерге сын, Жоғын жоқтау халықтың. Айла менен көп істерге барыппын, ұрпағыма батылдықты,батырлықты дарыттым. Күй шығырдым қанатында шабыттың, бес күншілік жалған-ай, жете алмаған арман қалып жабықтым. Ханда болса баласы ғой халықтың, дей алмаймын өзімді ірі тұлға алыппын. Елдің қамын жеумен ғана шауыппын, көп ойладым,бақтым алдын қауыптың. Дос болармен достасып,дұспанмен жауықтым; Іште кетіп ұлы арманым,өмірді тауыстым. Мұраты асқар тау ұлымын таулықпын, Деме мені бекер босқа даурықтың. Құнын білгем татулықтың,саулықтың, берекесі қашқандармен жауықтым. Енді маған күні бітті жарықтың. Мәңгі өмір жоқ,әлсіредім қарлықты үн. Арманына адам мәңгі жеткенбе? Көңіл толмас өміріме өткенге. Өкінішің қиын екен дерттенде, Дәурен өтіп,бойдан қуат кеткенде. Деді дағы сәл көтеріп тынысын, Қайғырмаңдар туысқаным мен үшін. Жанға батты іске аспаған ұлы арман, Өткен өмір талғамыма ішім қалай жылысын? Орындалса болар–еді мақтанышым бұл ісім. Өкініпті ақтық рет алып тұлға құрышым, Аһ ұрыпты айтып тұрып арманын,ұлы ісін, Мақтан тұтам несіне тірлігімнің тынышын. Тасты шапса кетілмеген қылышым, Аруақтап ұрандасам тарылмаған тынысым, Өткен өмір,өктем өмір сырлысың,сұлусың. Елім дедім,аяанбадым келгенше қолдан күшім, Ел мен жерге сұқ қадаған жаумен талай ұрыстым. Ұраны боп шықты атым дұрыстың, Дұспан болса тіліп түсер қылышпын. Маған бетін бұрған кезде күміс күн, дұспанменде мүдде үшін жұыстым. Берекені бұзғандармен жұлыстым. Ізгіліктің жолын бірге қуыстым, Атым қазақ алты алашпен туыспын. Күйім қайсы амал қанша әттең-ай, Басып тұрмын қыл үстін. Түгегенше әл-дәрменім тынысым, Арманымды орындауға тырыстым. Ең соңғы рет Бұхарға айтып арманын, Терең тыныс апты дейді құрышым. Жаны шошып бұл тірліктен, Көші қонмен сабылған. Төрт түліктің соңына ерген, Тек мен емес сәби бала шағынан. Мұны халқым білесіңдер,күллі қазақ қауымы, Гүл жазира құтты мекен сан соғыста шабылды. Дұшпаныңның десі басып алды қанша сағыңды, Аш бөріше қойға шапқантбіздің елге жабылды. Іргеміздің бостығынан тоса алмадық дауылды, Тыныш жатқан бейбіт елім неше қайта шабылды. Қош айтысып ата жұртпен талай бейбақ сабылды, Қатын,бала жаутаңдау мен көргені азба жәбірді. Қайда барсақ несібеміз қағылды, Қуат кетіп тауымызда шағылды. Береке деп қанша қақтық дабылды, Аузымыз тәуба деуге келмей қайта жаңылды. Шағылғаны сол емеспе тауыңның? Жаулап алса жеріңді,тартап алса тағыңды. Ұлыңды құл,қызыңды күң қылғаны Сындырғаны сағыңды. Кім ашады деме жұртым енді менің бағымды, Жете алмаған арманым бұл... Болмасада өсиет сөз жалынды. Алауыздық байламасын бағыңды, Алауыздық кетірмесін қадырды, алауыздық жайламасын жаныңды. Бірінші арман ашсам халқым бағыңды, Мықты болсаң кім сындырар сағыңды. Теңірегім тыныш болса ың-дыңсыз, Қақпаса ешкім соғыс дейтін дабылды. Қам-қайғысыз жатсаң бағып жаныңды, Естімесең дау-дамайды шағымды. Елім айлап шырқамасаң зарыңды, қайда барсаң айтсаң бақыт әніңді. Кім білсін аңсадым бекен аңызды, Қанша бейбақ ел,жер үшін жан үзді? Еін қорғау азаматтың парызы, Ел қорғаған азаматтың жаны ізгі. Мен ойлаймын қара халқым қалыңды, Бейбіт тірлік бәріненде маңызды. Екінші арман отырақтап орнығып, Ұлы өлкені шұғылаға шомдырып. Мықты деген сәулетшіні алдырып, Көрген жанды таңғылып, Жүрек отын жандырып, Әшекейлеп қала кент салдырып; Бағымыз,а сондай күн,атармеді таң күліп. Сарпалдаңда болған елім қан жілік, Тоз-тоз шығып кеткені бар қаңғыырып. Көкейімде көп арман жүр жаңғырып, Патшамыз деме халқым әңкұдік. Қауқарсыздың күні қандай таныдық, Арманды айтып жігер отын жандық. Мен жүрген жәй осы абызым жабығып, Азда болса сен ханыңның хәлін ұқ. үшінші арман халқы менің тоз-тоз болмай жұдырықтай жұмылса, іргем бүтін,жерім тұтас аңсаған күн туылса. Ірткі салған дұспандар іргемізден қуылса, Бір шаңыраққа қазақ біткен жиылар күн бұйырса. Бізге қастық қылғандардың тілерсегі қиылса. Ел бірлігін бұзғандар бір жолата тиылса. Амал қанша өкінішім бойда кетті арманым, Қаумалаған дұспан болды жан-жағым. Неше мәрте арбалдым мен арбадым, Аз жеңіске масаттандым алдандым. Жеңе алсамда дұспанның аяаңымнан шалғанын, Амал қанша нұрлы ойымды іске асыра алмадым. Тым кеш келген арманым мен талғамым, Түсін елім ойдың терең салмағын, Өмірімді халқым саған арнадым... Кішіреймес алтын басың,әз басың, Ұлы арманға ұлы ойыңды созғассың. Сен аңсаған сол арманнан жазбасын, Бейбіт елдің берекесі тозбасын, Бейбітшілік бақыт,байлық орнасын. Ұландарың айдыныңды-айбыныңды қорғасын, Биік тұрсын,ұлттық рухын жоймасын! Ұландарың берекені-мерекені қолдасын. Іске аспады деп өкінбе сол қолқаң, Өте шықты қаншама өмір жыл жортаң. Ұрпақ жалғап ұрпақтардың үмітін, Міне бүгін есік ашта нұрла таң. Қазақ біткен беттеріне қан ойнап, Мұзы еріп жүректің,жаны болды жығылған. Егемендік алды қазақ баласы, Ұлан-қайыр кең жазира даласы, Нұрға бөкті бүкіл қазақ даласы. Шаттануда атыалаштың баласы, Әдемі астана,алматыдай қаласы, Ешкімнің жоқ бұған енді таласы. Жасыл алқап жайқалған сай-саласы, Сары дәнге толған астық қамбасы. Көсегіміз көгеріп арта түсті жанбасы. Бүгінгі күн көсемдердің арманының жалғасы, Бедерленген ерекше қазақтың ен-таңбасы, Ұлы көсем басшысы бар Нұр ағамдай ел басы. Ұлттың рухын көтеретін ұрпақ өсті, ұл туды, Аңсап келдік неше ғасыр бұл күнді. Ел болмайды дегендердің көмейіне құм тұрды, Көңіл өсті,кқк жасаң боп құлпырды, Халықараға танытып жүр ұлтыңды, Бұл күнде, Білмейтін аз қазақ деген жұртыңды, Сыпырып сап басындағы бұғауын, Жүгын састап иықтағы сілкінді, Қазақ бүгін өзгеше боп құлпырды. Ғалым Қабдоллаұлы Нұрғали
Пікір қалдыру